Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай “Мәңгілік мұң – шерлі шемен” атты көрме өтті.
Көрменің мақсаты – талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген бұл кезеңнің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Еліміздің лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы айтып, ұлы тұлғаларды насихаттау үшін өткізілген көрмеге саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар, студенттер келді.
Көрмеге қатысқандар Смағұл Садуақасовты тіркеу карточкасын, Мағжан Жұмабаевтан жауап алу хаттамасын, ақынның төлқұжатын, И.В. Сталинмен бірге ВКП (б) 14 сьезіне қатысқан қазақстандық делегаттардың фотосын, социалистік меншікті ұрлау фактілерін қорғау жөнінде бірлескен мемлекеттік саяси басқарма мамандарымен алмасқан хаттарды, шіркеулерді жабу, тұқым, нан, ет сатып алу туралы партиялық-кеңес өкіметі ұйымдарының бір-біріне жазған хаттарын, партия қатарынан шығарылғандардың тізімін, поляктар, немістердің қоныс аударуы туралы ақпаратты, Қазақстандағы халықты депортациялау диограммасы туралы құжаттарды мұқият қарады.
Аға буын өскелең ұрпаққа зобалаң заманда осындай бір жапырақ қағаздың қаншама адамның тағдырын күл-талқан еткенін айтып өтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым