«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЯ ӨСІРУ — ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен демалыс күндері ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов “Солтүстіктің соясы” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Диқандарға соя өнімдерін өндіруде қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламаның жобасы жуырда премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиын барысында таныстырылған. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, онда қаржылай қолдау, мамандар даярлау сияқты мәселелер қамтылған. Бес жыл ішінде соя дақылының көлемін 1,5 миллион гектарға, ал жалпы өнімді 3 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Мұның өзі өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығын, еңбек өнімділігін, экспорт мөлшерін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
– Қанатқақты жобаның бірегей алаңы ретінде Солтүстік Қазақстан облысының таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі, бұл өңір астық өнімдерін әртараптандыруда көшбасшы саналады. Бүгінде майлы дақылдар егістігі бір миллион гектарға дейін жеткізілді. Экономикаға пайдасы зор екеніне жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тәжірибе жүзінде көз жеткізіп отыр. Артықшылықтары да айқын – сату нарығының аясы кең, бағасы да тиімді. Сондай-ақ, облыста қажетті жер ресурстары бар, фермерлер де қызығушылық танытуда, – деді Айдарбек Сапаров.
Биыл өңірімізде 14 мың гектар жерге жоғары сапалы ерте пісетін соя егілетін болады. Танаптарға Австриядан әкелінген өңіріміздің климаттық жағдайына сай келетін элиталық, суперэлиталық тұқымдар сіңірілмек.
Жиналған өнімді келесі жылы тұқым ретінде пайдалану жоспарланып отыр.

 

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp