«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Жастар жылы» аясында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Новоишимка аудандық Мәдениет үйінде жергілікті жастарға нашақорлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық бағдарламаны таныстырды.

Барлық 18 ауылдық округ пен аудан орталығының оқушылары алдын ала қолдан өз бұйымдарын жасап, суреттер салып, электронды презентациялар дайындап, шығарма жазыпты. Мәдениет үйінің фойесінде оқушылардың ұсынылған еңбектерімен аудан әкімі Ағзам Тастеміров, департамент бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев та танысты.

Жиналғандардың назарына «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол…» атты бейнефильм көрсетілді. Оқушылар бейнефильмді үлкен қызығушылықпен көріп шықты. Одан кейін бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Иван Терзиди, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сандуғаш Маткенова баяндады.

Марат Төлебаев балалар мен мұғалімдерге бағдарламаны іске асыруға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, қоғамға, жастарға қауіп төндіретін кеселмен барлығы күресу керектігін айтты. Аудан әкімі Ағзам Тастеміров синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күресте полиция қызметкерлерінің мүдделі органдарымен бірлескен жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ зиянды заттардың салдарын білсе, оларды қолданудан бас тартатындықтарына сенім білдірді.

Тәртіп сақшылары осындай іс-шараларды Жамбыл, Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандарында өткізбек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp