Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі аудит департаменті жұмысының бір саласы – қаржы есептілігінің жыл сайынғы аудиті. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүргізілетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі тексеріледі.
Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігінің негізді дәлелдемелерін алу болып табылады. Қаржылық есептілікті аудиттеу үшін “Қаржылық есептілік аудиті” процедуралық стандарты әзірленді.
Біздің департамент өткен жылы қаржылық есептілік бойынша 20 аудиторлық іс-шара өткізді. Олардың қорытындысында 13 аудиторлық іс-шара, 6 оңтайлы есеп және бухгалтерлік есептің жүргізілмегені анықталды. Қаржылық есептілік аудитінің қорытындысы бойынша мекеме бухгалтері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мемлекеттік аудит нысанына есепті қалпына келтіру жөнінде нұсқама жіберілді. Былтыр аудиторлық іс-шаралар өткізу барысында жалпы сомасы 743 млн. теңге соманың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық есептіліктің бұзылуы 19 млн. теңгені құрады.
Үстіміздегі жылы облыс аумағында 40 мемлекеттік мекемеде қаржылық есептілік аудитін жүргізу жоспарланып отыр.
Айнагүл ӨМІРЗАҚОВА,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы.