«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Үркер-2019″ ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2019 жылдың 20 маусымына дейін “www.urker-awards.kz” ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.
Сыйлықтың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Биылғы жылы өтініштер мынандай аталымдар бойынша қабылданады:
1) Жыл фотографиясы;
2) Жыл репортажы;
3) Жыл аналитикалық материалы;
4) Жыл журналистік зерттеуі;
5) Жыл сұхбаты;
6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;
7) Жыл радиостанциясы;
8) Жыл ақпараттық порталы;
9) Жыл газеті;
10) Жыл журналы;
11) Жыл “new media” (“telegram”-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик).
Биылғы жылы дәстүрлі аталымдардан бөлек, “Жыл “new media” жүлдесі тағайындалып отыр. Бұған қатысу үшін өтінімді танымал ақпараттық “telegram”-каналдар және әлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.
Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайтын болады. Комиссия құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады.
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы “Үркер” ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған болатын. Екі жыл ішінде еліміздегі белді басылымдар, интернет-порталдар мен журналистерге жалпы саны 26 сыйлық табысталған, олардың ішінде – ақпараттық агенттіктер, өз оқырманы қалыптасқан тақырыптық басылымдар да болды. Барлық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетінің телефоны: +7 (7172) 79-82-15.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp