«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАСЫП ҚАЛҒАН БАЛА ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшылары Тайынша ауданында адасып қалған бес жасар баланы отбасына қайтарды. 
Жылап тұрған сәби аудан орталығы Тайынша қаласының айналма жолында көзге түскен. Полицейлер анықтай келе, бүлдіршіннің серуендеуге шығып, адасып кеткенін анықтаған. Бала өзін “Владикпін” деп таныстырған. Алайда ол нақты қай жерде тұратынын айта алмаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлап, баланы учаскелік полиция инспекторы Ерлан Ысмайыловқа тапсырған. Владик полицеймен бірге аудан орталығының шеткі аумағында орналасқан көшелерді аралау кезінде өз үйін танып, туыстарына аман-есен қайтарылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор сәбидің анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. 
Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов жаз мезгілінде мұндай оқиғалардың жиілей түсетінін айтып, балаларға мұқият қарау керектігін ескертеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp