Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен кезекті шара “Жастар жылына” орайластырылды. Өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында ведомствоның ардагерлері жас мамандармен кездесті.
Шара барысында сөз алған ардагерлер жыл санап дамып келе жатқан мемлекетімізге адал, лайықты азамат болу керектігін жастарға ескертті. “Қазіргі жастардың белсенділігі көңілімізден шығады. Олардың бастамалары үнемі нақты әрі игі істерге бағытталатынын аңғарып жүрміз. Зейнет демалысына шыққаныма он жылдан асса да, шығармашылықпен айналысып, моншақтан картиналар жинаумен айналысамын. Сондықтан алға қойған мақсат-мұратқа жетуде шыдамдылық пен еңбектің маңызы зор екенін айтқым келеді”, – деді өртке қарсы қызметтің ардагері Александр Тюрин.
Одан кейін жас мамандар “Абылайхан резиденциясы” мұражай-кешінінде ұйымдастырылған экскурсияға қатысып, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі мұражайды аралады.