Облыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 7 және 14 жас аралығындағы қыз балалар арасында көркем гимнастикадан ашық қалалық чемпионат басталды. Дәстүрлі сайысқа сайдың тасындай іріктелген 100-ден астам спортшы қатысуға ниет білдірді.
Қыз балалар арасында көркем гимнастикадан ашық қалалық чемпионат жыл сайын өткізіледі. Биыл бұл сайысқа 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда. Спортшылар 13 топқа бөлінген. Сайыстың басты мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау. Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз спортшылар ел чемпионатына жолдама алмақ.