“Таза орман” акциясына қатысқан 80-ге жуық студент Мещан орманын қоқыстан тазартты. Облыстық жастар мәслихаты бірлестігінің төрағасы Виталий Шемингтің айтуынша, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен өтетін жыл сайынғы акцияға Петропавлдағы бес колледждің студенттері қатыстырылады.
Акция нәтижесінде орман ішінен 222 килограмм қоқыс жиналды. Орманды тазартуда белсенділік танытқан Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенттері бірінші орынға лайық деп танылды. Үздіктер қатарынан көрінген өзге де жастар ұйымдастырушылардың дипломдары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
Әйгерім ЖҮСІПОВА,
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.