Облыс орталығындағы жылу трассаларының бірі отқа оранды. Оқиға “Еуразия” сауда үйінің маңында орын алған.
Төтенше жағдай туралы ақпарат, өрт сөндіру бөліміне кешкі сағат 6-да түсті. Құбырдың жанып жатқанын сол ауданда тұратын қала тұрғыны хабарлады. Жалын 20 шаршы метр аумаққа жайылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.