«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

450 ЖЫЛҒА СОЗЫЛАТЫН ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляция бастады. WWF-тың Facebook-тегі парақшасында басталған транцляция пластмасса бөтелкенің табиғи жолмен жойылу процесін көрсетпек.

Шараны ұйымдастырушылар трансляцияның 450 жылдан да асып кетуі мүмкін екендігін айтады. Өйткені, пластмассаның табиғи түрде жойылуы оның құрамына тікелей қатысты болса керек. Сондықтан, әзірге трансляцияның қанша уақытқа созылатынын ешкім болжай алмайды. Дегенмен, экологтар трансляция арқылы әлем халқының назарын қоршаған ортаның ластануына аударуды көздейді екен. Әрі пластмасса өнімдерді тұтыну мөлшерін азайту қажет екендігіне де көпшіліктің көзін жеткізбек. Өйткені, бүгінде әлемде 9 млрд. тонна пластмасса бар екені анықталған. Оның 6 млрд. тоннасы қалдық екен. Сол қалдықтың 10 пайызы немесе 600 млн. тоннадан астамы мұхиттарда қалқып жүр. Соның салдарынан жер бетіндегі барлық тасбақаның тең жартысының асқазанына пластмасса қалдығы түскен көрінеді. Ал су құстарының 90 пайызының асқазанында пластмасса бар деген болжам айтылып жүр. Сонымен қатар, ғалымдар соңғы 50 жылда пластмасса қалдықтарының кесірінен жан-жануарлардың 20 пайызының тұқымы құрып кеткені жайлы деректер келтіреді.

https://egemen.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp