«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 мамыр – 1 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады, бұршақ жауады.
31 мамыр күні оңтүстік-батыстан соққан желдің екіпіні түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 1 маусым күні солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдің екіпіні 15-20 м/с болмақ.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың алдын алу үшін қам жасауды ұсынады.
СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.