Тимиярезев ауылындағы «Жастар» стадионында аудандық спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, білім бөлімі №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту және көпшілікке тарату мақсатында мектеп оқушылары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Жас құтқарушы» үйірмелері арасында жарыс ұйымдастырды.
Өзара бақ сынасқан алты команданың құрамындағы оқушылар төрт аталым бойынша жарысты: құтқару арқанын байлау, құтқару арқанын конструкцияға 4 тәсілдің бірімен бекіту, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию және автоцистернадан жауынгерлік қанат жаю.
Тимирязев орта мектебінің құрамасы жарыс жеңімпазы деп танылды. Екінші орында – Интернационал орта мектебі, ал ең үздік үштікті Белоградовка орта мектебі түйіндеді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және ауыспалы кубокпен марапатталды
Шоқан Қалиқайдаров,
Тимирязев аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау капитаны