“Мемлекеттік қызмет рәсімдерін оңтайландыру және электронды түрде көрсету”. Өңірлік коммуникациялар қызметіндеөткен баспасөз мәслихатына осы тақырып арқау болды.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұловтың айтуынша, мемлекеттік мекемеде 6 қызмет түрі көрсетіледі. Оның 3-уі қағаз нұсқада және қалғандарыбаламалы негізде жүзеге асырылады.
– Былтыр сәуірдепайдалы қазбаларды байыту бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілдігін тіркеу жөнінде мемлекеттік стандарт қабылданды. Бұл қызмет кеңсенің көмегімен “Электронды үкімет” порталы арқылы көрсетіледі. Бүгінгі таңда басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің тәртібіне өзгерістер енгізу үшін мекеменің мұрындық болуымен қаулының жобасы жасалды. Сонымен қатар алтын іздеугеарналған лицензияны беру бойынша көрсетілетін қызмет рәсімінің стандарты алғаш рет жасалғанын айта кету қажет. Осы стандарт шашыранды кен орындарында асыл металды іздеумен айналысатын жұмысшылардың қызметін заңдастыруға мүмкіндік береді, – дейді Арман Сарбайұлы.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасында да бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Дәлірек айтқанда, оның 2-і – кәсіпкерлік, ал 3-і туризм саласын қамтиды.
Алдағы уақытта рәсімдердің бұл түрлерін оңтайландыру және оларды электронды нұсқаға көшіру бағытындағы жұмыстар жалғастырылатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 06.01.2025
- 133 қаралым
- 06.01.2025
- 13 қаралым
- 06.01.2025
- 14 қаралым
- 06.01.2025
- 11 қаралым
- 06.01.2025
- 20 қаралым