Ағзада қорғаныш қызметінің бұзылуы, АИТВ-инфекциясын жұқтыру, нашақорлық, жүйке жүйесіне артық салмақ түсіру, дұрыс тамақтанбау, суық тию салдарынан пайда болатын туберкулез ауруының алдын алу үшін облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары “ЕС-164/3” мекемесінде диагностикалық шараларды жиі өткізеді. Құрт ауруына шалдыққан немесе күдік тудырған жазасын өтеушілермен мамандар жеке жұмыс жүргізіп, ем тағайындайды.
Туберкулезді анықтау – флюорографиялық және пассивті-бактериоскопиялық тәсілмен жүзеге асырылады. Ал темір торға тоғытылған адамдарды бірден медициналық тексеруден өткізу көзделген. Өйткені, түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің денсаулығын қадағалап, түрлі қауіпті аурулардың алдын алуға баса назар аударылып отыр.
Сырқаты анықталған науқастар үшін жеке бөлме қарастырылған.
Мадина ЕРҒАЛИЕВА,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы.