«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗБЕКСТАНМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ НЫҒАЙТПАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін өңірімізге Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы кәсіпкерлерінен құралған делегация келеді деп күтілуде. Бұл сапар аясында екі облыс арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту туралы келісімшарттар жасалмақшы.

– Облысымызда Өзбекстанның бірқатар кәсіпорындарымен жұмыс істеп, тауар алмасатын бизнес өкілдері бар. Біз бұл әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниеттіміз. Әсіресе, көрші елден көкөніс өнімдерінің үздіксіз жыл бойы жеткізіліп тұру мәселесін қарастырмақпыз, – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова.

1-2 маусым күндері Петропавл қаласының орталығында көрші ел тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Қызылжарлықтар Қазақстан Конституциясы көшесінің орталық алаңында (қалалық әкімдіктің алды) жайғасатын жәрмеңкеде көкөністер мен жемістер, тоқыма, кілем, сондай-ақ, қолөнер және қыш-құмыра бұйымдарын сатып ала алады. Тауарлардың құны нарықтағы бағадан арзан болады.

(сурет http://kzvesti.kz сайтынан алынды).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp