“ЗИКСТО” акционерлік қоғамының жұмысшылары екі айдан бері еңбекақыларын ала алмай келген болатын. Іске Петропавл қалалық прокуратурасы араласқан соң,зауыт 700-ге жуық жұмысшысына 100 миллион теңгенің берешегін қайтарды.
Прокурорлар зауыт басшылығымен және жұмысшылармен кездесіп, еңбек инспекциясының жұмысын үйлестіруінің нәтижесінде еңбекақы қарызы толық жабылды.