1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Петропавлдың жас тұрғындары үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Мұндай сыйды облыс орталығының жолаушылар тасымалы кәсіпорындары ұйымдастырып отыр. “СҚО автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, бұл күні 15 жасқа дейінгі балалар барлық қала бағыттары бойынша және “Петропавл – Бескөл” арасында қатынайтын №101 автобусымен де тегін жүре алады.