«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӨҢІРІМІЗДІҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ” КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен   “Өңіріміздің ұлы тұлғалары” атты көрме салтанатты түрде ашылды.

Аудандық мұражай директоры Маржан Татушарова мен облыстық мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының бас маманы Ғалия Темірғалиева көрменің лентасын қиды. Бұл іс-шара ауданның рухани құндылықтарын насихаттап, тұрғындардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оның барысында Қазақтан халқы облыстық ассамблеясы кеңесінің өкілі Сағындық Салмұрзин мен “Рухани жаңғыру” жобасы кеңсесінің қызметкері Гүлгүл Төлешова аталмыш көрменің артықшылығына тоқталып, Шал ақын ауданының мақтан тұтар тұлғаларының сіңірген еңбегі жайлы әңгімеледі. Көрмеге аудан мақтаныштары Ғалым Малдыбаевтың домбырасы, Герольд Бельгердің шахматы жəне Ермек Қонарбаевтың баспа машинасы қойылды. Келушілердің назарына бұдан басқа 60-тан астам жəдігер ұсынылды. Іс-шара барысында Маржан Татушарова келушілерді жəдігерлермен таныстырып, олардың тарихына шолу жасады. Аталмыш көрме 31 мамырдан 20 маусымға дейін жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp