Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жәлел Қизатов көшесі, 9 “Б” мекенжайында тұрып жатқан Жақыповтар отбасының шаңырағына арнайы барды. Уәлихан және Әлия Жақыповтар Азамат, Нұржан есімді екі ұл мен Аружан есімді қыз тәрбиелеп отыр.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған 12 жасар Аружан ота мен емдік шаралардың арқасында биыл ақырындап жүре бастаған. Тағдырдың ауыртпашылығына мойымаған ол қазақ мектеп-гимназиясында білім алады. Оқу үлгерімі де жақсы. Қолөнермен де айналысатын шебер қыздың қолынан түрлі заттарды тоқу да келеді екен.
Аружанды мерекесімен құттықтаған Құмар Іргебайұлы оған ешқашан мойымай, тек қана алға ұмтылу қажет екенін айтты.
Толығырақ газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.