Облыс орталығында өзбек кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге негізінен Өзбекстан Республикасында жасалатын киім-кешек, тоқыма және қыш бұйымдары қойылды. Арзан бағамен саудаланған көкөністер мен жемістерді алуға кезекке тұрғандар көп болды.
Жәрмеңке екі ел арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып отыр. 20-ға жуық өзбек кәсіпкері өңір бизнесмендермен жолығуды жоспарлауда.