Облыстық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Байматов көшелерде және қоғамдық орындарда орын алатын қылмыстардың 25 пайызға азайғанын айтты. Қылмыстың алдын алу және анықтауда бейнебақылау камералары үлкен рөл атқарады. Олардың көмегімен биыл 466 қылмыс, 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 788 тұрғын үйдің кіре берісі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Марат Төлебаев департамент тұрғындардан келіп түскен кез келген ұсынысты және ескертуді қарауға дайын екенін, олардың негізінде полиция бөлімшелерінің жұмысы түзелетінін атап өтті.