«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халқымыз қашанда ұрпақ тәрбиесіне баса мән берген. “Бала тәрбиесі бесіктен”, “Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер”, “Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын” деген сияқты қанатты сөздер елдің бақытты болашағы – жас өрендерге, олардың дұрыс тәрбиесі мен біліміне байланысты екенін дәттей түседі.

Біздің елімізде балалардың алаңсыз өмір сүруіне, сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. Мұндай қамқорлықтан ауыл балалары да қалыс қалмаған. Жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалар, қосымша білім беретін орталықтар ашылуда. Аталмыш орындарда сәбилердің өз бетімен ізденуіне, шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндіктер орасан. Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек, қателеспейміз. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылады. Ендеше, мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терді енгізу. Әрине, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуы педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Орта мектепті тамамдағаннан кейін болашақ мамандығымды шәкірт тәрбиесімен байланыстырғым келді. Осы мақсатта мектепке дейінгі даярлық мамандығы бойынша білім алдым. Бүгінде Мамлют ауданына қарасты Бостандық ауылындағы “Бал бөбек” шағын орталығында тәрбиешімін. Жоғары оқу орнында бізді ұстаздарымыз мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай ұр­пақ тәрбиелеу – жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде деген қағиданың негізінде оқытты. Бүгінде осы ұстаным аясында сәби тәрбиесімен айналысып келеміз. Заман өзгерген сайын балабақша жұмысына қатысты әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, олардың қызығушылықтарын ояту үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолданудамыз.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйткені, осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­ Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.
Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Біздің шағын орталықта балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған. Өз басым тәр­биеші ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық технологияларды кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі, қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.
Бүгінде мектепке­ де­йін­­гі мекемелердің тә­жі­ри­бесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә­селен, ынтымақтастық педа­­гогикасы, білім беруді ізгі­­лендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы­ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау­ды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педа­го­ги­ка­лық әдістемелік білімді, педагогикалық ше­бер­лікті, балалардың жан дү­ниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Мұн­дай әдістер баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анық­тайды, сондай-ақ, олардың бойында елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті ашуға көмектеседі.
Халықаралық балаларды қорғау күні бөбекжайдағы бүлдіршіндерге және Бостандық орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына арнап түрлі іс шаралар өткіздік. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше, мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Гүлдана НҮСІПОВА, Бостандық орта мектебі жанындағы “Бал бөбек” шағын орталығының тәрбиешісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp