«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп, бұрын сотталғандармен және шартты түрде босатылғандармен тәрбиелік жұмыс жүргізу мәселесі кеңінен талқыланды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, аталған санаттағы тұлғалар полицейлердің ұдайы бақылауында. Жыл басынан бері екі мыңнан астам тексеріс жүргізіліп, 58 заң бұзушылық анықталды. Учаскелік полиция инспекторларының ұсынымы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 22 тұлға түрлі тәртіпсіздіктер жасағаны үшін түзеу мекемелеріне қайта тоғытылды. Қазіргі таңда полицейлердің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 440, бұрын ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған 330 адам тұр.
Аталған санаттағыларға әлеуметтік көмек көрсету және бейімдеу де өзекті мәселе. Жұмыс берушілер бұрын сотталғандарды еңбекпен қамтуға құлықсыз болса, бостандыққа шыққандардың дені кездейсоқ табыспен күн көргенді қалайды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары оларды жұмысқа мәжбүрлеп орналастыру шараларын қабылдау кезінде нормативтік құжаттарға сүйену қажеттілігін атап өтті.
Отырыста полиция департаментіндегі лауазымдарды қысқарту мәселесі де қозғалды. Облыстық жол-патрульдік полициясының 200-ден астам сержанты офицерлік құрам қатарына ауыстырылып, 10 пайыздан астам лауазым қысқартылыпты.
Бұл полицияға тән емес функцияларды қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, полицейлердің жаңа жұмыс форматы, мансаптық өсу жүйесінің өзгеруі – ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған, – деді полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тасимов.
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторингке сүйеніп, Жамбыл көшесінде орналасқан Оқушылар сарайы маңындағы жол қозғалысы қала тұрғындарын алаңдатып отырғанын айтты. Ол қоғамдық пікірді ескере отырып, аталған учаскені назарда ұстауды ұсынды.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp