«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Заңға өзгерістер енгізілді.
Атап айтатын болсақ, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 30 пайызға көбейді.

Сондай-ақ, бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі баласының күтіміне байланысты отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі де артып отыр. Яғни, үстіміздегі жылдың 1-інші шілдесінен бастап аталмыш екі топ бойынша жәрдемақы мөлшері 31183 теңгеден 41578 теңгеге дейін өседі.
Бүгінгі күні өңірімізде 2405 отбасы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуде.

 

Гүлбақыт МАНАБАЕВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp