Биыл алғаш рет қасиетті Рамазан айында Қызылжар орталық мешітінде “Зекет” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзге жуық жанға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Шараның басты мақсаты – аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету. “Зекет” қайырымдылық қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Мәлік Дүйсенбеков шара жомарт жандардың көмегімен жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Азық-түліктер, өзге де тұрмыстық заттар жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді.
Осындай көмек алған төрт баланың анасы Ұлжан Құдайбергенова ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Зарина МАҚАШЕВА.