«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІТАПХАНАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Рухани қазына” өңірлік байқауы өтті. Оның қорытындысы бойынша Есіл ауданының Николаевка ауылдық кітапханасының ұжымы бірінші орынды иеленді. Ауданымыздың атынан сынға түскен Гүлнәр Жұмағалиеваның еңбегі жанып, ол үздік кітапханашы атанды. 

 Байқаудың республикалық кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған біздің ауданнан Николаевка ауылдық кітапханасының қызметкері Светлана Рсаева қатысты. Ол үздік ұйымдар мен қызметкерлерді анықтауға және кәсіби тәжірбиелермен алмасуға арналған фестиваль аясында мұражай және кітапхана ісі бойынша пленарлық сессияға, шеберлік сыныптары мен пікір алмасу жиындарына қатысты. Жерлесіміз мәдениет саласындағы үздік жұмысы үшін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлының атынан “Алғыс хатқа” ие болды. Сондай-ақ ол Ұлттық академиялық кітапхана атынан “Көрермен көзайымы” аталымын жеңіп алып, фестиваль аясында өткен “Кітапхана – білім және шығармашылық орталығы” тақырыбында семинарға белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Светлана Михайловнаның еңбегі Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Аталмыш ұйым кітапханашыға төсбелгі табыстады.

М.АХМЕТЖАНОВА,
Есіл ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp