«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЖЕГЕ ТАЯУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір егіншілері көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға жақын.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары атап өткендей, бүгінгі таңда жергілікті агроқұрылымдар 2,760 мың гектар егіс алқабының 2,474 мың гектарына бидай сіңірген. Ал 1 миллион гектар алқапқа майлы дақылдар себу жұмыстары 91,8 пайызға аяқталды. Мал азығын дайындау ісі де ойдағыдай жүргізілген. Яғни, 126,6 мың гектар алқапқа біржылдық және көпжылдық шөптер егілген. Сондай-ақ, 37,5 мың гектарға – картоп, 6,6 мың гектарға көкөніс отырғызылды.

Шал ақын ауданының диқандарының да қимылдары ширақ. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Раисовтың айтуынша, ауа райы қолайлы болса, жергілікті агроқұрылымдар дән себу жұмыстарын алдағы үш-төрт күннің ішінде толық аяқтауды көздеп отыр.
– Үстіміздегі жылы көктемгі дала жұмыстарына 60-қа жуық серіктестік пен 150-ден астам шаруа қожалығы жұмылдырылды. Олар 250 егіс кешені мен тұқымсепкіштің көмегімен дала төсін еңбек дүбіріне бөлеуде. Биыл аудан бойынша 161,3 мың гектар алқапқа бидай себу жоспарланса, қазіргі таңда оның 85,4 пайызы орындалды. Ал 45 мың гектарға майлы дақыл себуді жоспарлап отырмыз. Бүгіндері оның 42,6 мың гектары егілді. Сонымен қатар 2,2 мың гектарға – картоп, 0,2 мың гектарға көкөніс егілді. Одан бөлек, диқандар 0,2 мың гектар жерге – көпжылдық, 2,5 мың гектарға біржылдық шөп екті, – деді Болат Титейұлы.
Бөлім басшысы атап өткендей, қарқынды жүргізілген жұмыстың нәтижесінде кейбір агроқұрылымдар дән себу жұмыстарын абыроймен аяқтаған. Олардың қатарында “КазЭкспорт бидай”, “Меңдібай”, “Лада”, “Поле” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және “Нива”, “Айна” шаруа қожалықтары бар.

 

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp