Петропавлдықтар жалға берілетін пәтерлерде болатын көңілді отырыстардан, мотоцикл жүргізушілерінің түнгі серуенінен мезі болған. Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары күзет құрылымдарының, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, жұртшылықтың қатысуымен өткен жұмыс кездесуі кезінде аталған мәселелерді көтерді.
Кездесуде өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Тәртіп сақшылары ұрлы
қтың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданатын шаралар туралы баяндады. Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев өңірде қылмыстың төмендегенін және тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі белсенділігін атап өтті.
– Біз кез-келген ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қарастыруға дайынбыз. Олардың негізінде полиция бөліністерінің жұмысына түзету енгізілетін болады, – деді Марат Төлебаев.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, биылғы жылы көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 25 пайызға азайған. Қылмыстарды ашуда бейнебақылау камераларының көмегі зор. Мәселен, камералардың арқасында 466 қылмыс, төрт мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әсіресе, кіреберістерге орнатылған камералар қылмыстың алдын алуда септігін тигізуде. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің 788 кіреберісі бейнебақылау жүйесімен жабдықталды. Сонымен қатар, ПИК төрағалары алдағы уақытта осы жүйеге қосылуға ниетті. Сондай-ақ, қалалықтар тәулікке жалға берілетін пәтерлерде болатын айғай-шу тыныштарын алатындығын айтты. Үстіміздегі жылы “102″ пультіне осындай 950 хабарлама түсіпті. Петропавл қаласының тұрғындары түнгі уақытта облыс орталығының көшелерінде қатты жүретін мотоцикл жүргізушілеріне де шағымданды. Бұл мәселелерді полиция департаментінің бастығы бақылауға алып, аталған бағыттағы жұмысты күшейтуге тапсырма берді.
Интернет арқылы синтетикалық есірткілерді тарататын наркодиллерлерге қарсы іс-қимыл жасау – маңызды мәселенің бірі. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев қоғаммен бірлесе аталған уды жою бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Кездесу соңында Марат Төлебаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін ПИК төрағаларын, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны учаскелік полиция инспекторларын марапаттады.
Іс-шараның екінші жартысында учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімдер қылмысына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес шараларын талқ