«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКІ МЕШІТ МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде ескі мешіттің орнына ислам мәдениетінің мұражайы ашылатын болды. Бұл жайлы облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Facebook” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

ХХ ғасырдың басында Петропавл қаласында алты тас және үш ағаш мешіт болған. Солардың бірі – қазіргі таңда С.М.Киров атындағы зауыттың аумағындағы мешіт 1870 жылы салынған екен.
– Жартылай қираған қабырғалар мен мұнарадан ғана мұның Алла үйі екенін білуге болады. Аталған мешітті қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ғимарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына беріледі. Бұл жерде ислам мәдениетінің мұражайы ашылады, – деп жазды жеке парақшасында Құмар Ақсақалов.
Бүгінгі таңда облыс орталығында бес мешіт бар. Олардың екеуі сәулет ескерткіші санатында. Алдағы уақытта бұл тізім тағы бір тарихи нысанмен толығады.
– Ұлттық болмысымыздан, рухани тамырымыздан ажырамауымыз керек. Тарихи мұраның жұртшылық үшін маңызы зор. Қасиетті Рамазан айында облысымыздың мұсылмандары зор қуанышқа бөленері сөзсіз, – деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp