«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖҮЛДЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін бірінші лицейдің оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында физика және математика пәндерінен өткен республикалық олимпиададан жүлделі оралды.

Басқа мектептерде оқушыларға физика пәні 7 сыныптан бастап оқытылса, аталмыш лицейде төмен сыныптағылар үшін арнайы үйірмелер жұмыс істейді. Білім ордасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алла Борщтың айтуынша, лицейде жаратылыстану-математикалық бағытпен қатар, басқа пәндер де тереңдетіліп оқытылады екен. Виктория Фефелова, Наталья Михалева есімді педагогтар балаларды пәндік олимпиадалар мен түрлі жарыстарға даярлайды. Осының арқасында оқушылар республикалық деңгейде үздік атанып жүр.
“Дарын” ғылыми-тәжірибе орталығы ұйымдастырған білім додасында Дарья Мыльченко физика пәні бойынша үшінші орынды жеңіп алса, Максим Корзун математикадан үздік нәтиже көрсеткен.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp