Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығы мен барлық аудандарда “Мен патриотпын” патриоттық-спорттық акция ұйымдастырылды.
Аталған шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастырып, отансүйгіштікті нығайту, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының қағидаттары мен саламатты өмір салтын насихаттау.
Петропавл қаласында орталық алаңға жиналған қауым еліміздің Әнұранын орындағаннан кейін, оларды атаулы күнмен облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев, жеңіл атлет Ирина Эктова құттықтады. Сонымен қатар сыртта дайындықта жүрген спортшы жерлестеріміз бейнебайланыс арқылы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осыдан кейін марафон басталып, жиналғандар президенттік қашықтықты бағындырды.
Сонымен қатар, акция барысында спортқа қатысты сұрақтар қойылған викториналар ойнатылды.