Облыс орталығында №8 бағытындағы автобус полицейлердің патрульдік көлігіне соғылды.
Абай және Астана көшелерінің қиылысында «SHAOLIN» маркалы автобустың жүргізушісі жылдамдығын тежей алмай қалып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған «ВАЗ-21901» патрульдік автокөлігіне барып соғылды. Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік материал сотқа жіберілді.