«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІНЕ МҮДДЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте сайлау науқанына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған “Аманат” азаматтық платформасының кезеңаралық жұмысы талқыланды. 

Аталмыш қоғамдық ұйым үстіміздегі жылдың 28 сәуір-27 мамыр аралығында 400-ден астам шара өткізіп, сайлау учаскелерінің дайындығын жан-жақты тексерген. Сайлаудың әділдігіне, ашықтығына мүдделі азаматтардан, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен, қоғам белсенділерінен тұратын ұйым президенттікке үміткерлердің өңірлік штаб мүшелерімен кездесулер өткізген. Олардың барысында сайлауалды шараларға қатысты ешбір шағым тіркелмеген. “Аманат” АП-ның СҚО бойынша өкілі Сәуле Сүлейменованың айтуынша, барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар мен көру және есту мүшесі зақымданған азаматтардың кедергісіз дауыс берулеріне де жағдай жасалған. “Біздің платформа атынан тіркелген бақылаушылар 9 маусымда барлық 651 сайлау учаскесінде тәртіпті бақылайтын болады. Бұған қоса, облыс бойынша жұмыс істейтін 22 мобильді капитан сайлаудың әділ, әрі ашық өтуін бақылайды” – деді Сәуле Сүлейменова. 

“Аманат” АП өңірлік штабының мүшесі Жанат Мұхамеджанов 9 маусым күні мобильді капитандар мен бақылаушылардың сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтың орын алмауын қадағалайтын болады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp