Жаз басталғалы бері өңіріміздің су қоймаларында қайғылы фактілер тіркелуде. Осы орайда, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте жаз айларында судағы оқыс оқиғалардың алдын алуға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Жиында департаменттің азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Мұрат Қанғожинов маусым айының алғашқы күндері орын алған оқыс оқиғалар жайлы айтты.
– Жаз басталғалы бері өңіріміздің су айдындарында 4 адам қаза тапты. Солардың бірі – 65 жастағы ер адам Қызылжар ауданындағы Глубокое көлінде қайықпен жүзіп, балық аулау кезінде суға кетті. Ол бұл уақытта құтқарушы жейдесін кимеген еді. Жалпы, соңғы бес жылда облыс бойынша 168 адам суда ажал құшса, оның 22-сі – бала, – деді Мұрат Серікұлы.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.