«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет рәсімдерін оңтайландыру және электронды түрде көрсетуге көшу барысы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұловтың айтуынша, аталмыш мемлекеттік мекемеде 6 қызмет түрі көрсетіледі. Оның 3-еуі қағаз нұсқада және қалғаны баламалы негізде жүзеге асырылады, яғни екі рәсім “Е-лицензиялау”, “www.elicense.kz” веб-порталы мен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылуда.
– Былтыр және биылғы жылдың бес айында пайдалы қазбаларды барлау және табу мақсатындағы келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау бойынша 7 мемлекеттік қызмет рәсімдері орындалды. Өткен жылы “Кен орындары және кен орындарын игеру туралы” кодексті негізге ала отырып, құзырлы министрлік геология, су ресурстарын және жер, кен орындарын қолдану саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің стандарттарына өзгерістер енгізді. “Электронды үкімет” порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артты. Сонымен қатар алтын іздеуге арналған лицензияны беру бойынша көрсетілетін қызмет рәсімінің стандарты жасалды. Нәтижесінде көптеген кен орындарында асыл металды іздеумен айналысатын жұмысшылардың қызметі заңдастырылды, – деді Арман Сарбайұлы.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова да өзі басқаратын мекемеде көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімдері туралы баяндады. Қазіргі уақытта басқармада бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Дәлірек айтқанда, оның 2-еуі – кәсіпкерлік, ал 3-еуі туризм саласын қамтиды. Былтырғы жылдан қаржыландыру жөніндегі жобалар өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралмайды. Тиісті шешім басқарма мақұлдаған байқау комиссиясының ұйғарымымен қабылданады. Көрсетілетін қызмет түрлерінің мерзімі 48 күннен 29 күнге қысқарған болатын. Айта кеткен жөн, аталмыш гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-идеяларын, тың жобаларын жүзеге асыруға бағытталған. Кәсібін алғаш рет ашқан жас кәсіпкерлерге, жасы 50-ден асқан адамдар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бұл көмек түрі тегін көрсетілді.
– Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мемлекеттік қызмет рәсімдерін электронды форматқа көшіру бағытында жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта 24 кәсіпкермен кездесу өткізілді. Үстіміздегі жылы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөнінде заң бұзушылық және шағымдар тіркелмеді, – деді Құралай Амангелдіқызы.
Сондай-ақ, аталмыш басқарма туризм саласы бойынша да бірнеше қызмет түрін ұсынады. Тұрғындар үшін бұл рәсімдер қолжетімді, өйткені, оның орындалу мерзімі қысқарды.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp