«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИІМСІЗ ЖҰМСАУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудиттың қорытындысы белгілі болды.

Бюджеттің 2 639 028,4 мың теңге қаржысына аудиторлық тексеріс жүргізілді. Анықталған қаржы тәртібін бұзушылықтардың жалпы сомасы 321 285,4 мың теңгені немесе 12,2 пайызды құрады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 9 526,4 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 2 274,7 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 309 484,3 мың теңге немесе жалпы соманың 96,3 пайызын құрап отыр. Аудиторлық іс-шара барысында 9526,4 мың теңге қалпына келтірілді.
Мемлекеттік аудит жүргізілген бес нысанда жалпы сомасы 251 мың теңгеге еңбек заңнамасы сақталмаған. Аудит қорытындысында еңбекақы бойынша артық төлемдердің барлық сомасы бюджет кірісіне аударылды. Еңбек заңнамасының бұзылуы негізінен білім беру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының жүктемесін дұрыс анықтамау, жұмыс істемеген уақыт үшін еңбекақы төлеу салдарынан орын алған.
Үш нысанда мемлекеттік мүлік заңнамасының нормалары бұзылған. Олар – Рузаев аграрлық-техникалық колледжі, Машина жасау колледжі, Тимирязев агротехникалық колледжі. Қаржы тәртібін бұзушылықтың жалпы сомасы – 293 514,5 мың теңге.
Мемлекеттік аудит өткен барлық нысандарда бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жалпы сомасы 9 128,3 мың теңгенің бұзушылығы анықталды. Бухгалтерлік есеп бойынша анықталған бұзушылықтардың барлық сомасы қалпына келтірілуі тиіс, олар мемлекеттік аудит барысында өтелді.
Мемлекеттік сатып алу саласында да кемшіліктер орын алды. Тексерілген алты ұйымның бесеуінде 14 577,3 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтамау фактілері анықталды.
Жалпы аудит барысында мемлекеттік ұйымдардың бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланатындығы анықталды. Мәселен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудит барысында қаржылық тәртіпті сақтамайтындығы, бюджет қаражатын тиімсіз басқарғаны, лауазымды тұлғалардың қолданыстағы заңнама нормаларын елемейтіндігі анықталды.
Көпшілігі бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуде, еңбек заңнамасын, мемлекеттік мүлікті басқару және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді пайдаланғанда заң бұзушылықтарға жол береді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша орын алған заңсыздықтар үшін 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық білім басқармасының басшысына анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ, заңнама нормаларының талаптарын сақтамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Амандық СЕЙФУЛЛИН, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp