«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.07.2019

ЖЕҢІМПАЗ – ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Славян базары — 2019»  халықаралық фестивалінде бас жүлдені иеленген жерлесіміз, жас талант Әділхан Макинді жеңісімен құттықтады. Облыстық әкімдікте өткен кездесуге кезінде әншіге тәлім-тәрбие берген ұстаздары, туған-туысқандары да шақырылды. 

ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА

        Биыл облысымызда жылыту маусымы қыркүйек айының соңына қарай басталады. Бұл кезде өңір тұрғындарына 385 мың тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда оның он пайызы, яғни 38 мың тоннасы дайын. 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМИДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов биылғы күз айында Қызылжар қаласында 500 керуеттік заманауи көпбейінді ауруxана салынатынын айтты. Осылайша, облыс тұрғындары өзге өңірлерге барып, қаржы және уақыт шығындамай-ақ осы жерде жан-жақты ем ала алады. Сонымен қатар жаңа ғимарат медициналық туризмді дамытуға ықпал ететін болады.

ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ

Облыс әкімі есеп беру кездесуде биылғы жылы аутизмге шалдыққан балалар үшін Жас Өркен шағынауданындағы жаңа үйлердің бірінен 80 шаршы метрлік баспана берілетінін айтты. Мұнда сауықтыру шаралары жүргізілетін болады. Осылайша қамкөңіл ата-аналарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жалғасын табады.

АТҚАРЫЛУЫ ТИІС АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде есеп беруде. Президент әкімшілігінің инспекторы, түрлі деңгейдегі мәслиxат депутаттары және облыстың билік құрылымдарының басшылары, алдыңғы толқын өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Қызылжар өңіріндегі оң өзгерістерге тоқталды. Алда атқарылуы тиіс ауқымды шаралар жөнінде де баяндады. Атап айтар болсақ, қолданысқа берілген …

АТҚАРЫЛУЫ ТИІС АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР Read More »

БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА

12 жыл бұрын қолға алынған «Мектепке жол» акциясының аясында бүгінге дейін 2 млн.-нан астам оқушыға оқу құралдары, спорттық және мектеп формасы, қысқы киім және аяқкиім әперілді.

Атасы мен немересі суға кетті

Петропавлда суға шомылмақ болған қарт пен оның немересі ажал құшты. Қайғылы оқиға “Простоквашино” демалыс базасының аумағында орын алды. Мұндағы жасанды су айдынына алпысты алқымдаған қарт пен оның тоғыз жасар немересі түскен. Өкінішке қарай, жеке бас қауіпсіздігі ережелерін елемеген олар су түбіне кетті. Кешкісін мұнда баласын іздеп келген анасы жағадан киімдерін тауып, бірден құтқарушыларды шақырады. Мамандар …

Атасы мен немересі суға кетті Read More »

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Облыстық тексеру комиссиясының отырысы өтті. Онда өз міндетін дұрыс атқара алмай, заң бұзушылыққа жол берген тексеру комиссиясы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, мемлекеттік аудиторлар мен бас инспекторлардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша жоспарлары, тексеру комиссиясының мәртебесін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелері талқыланды. Жиынды облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин жүргізді.   

ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРІ

Шоқыр Бөлтекұлы – өткен ғасырдың орта тұсында Алаш жұртының құрметіне бөленген көрнекті спорт маманы, қазақ жастарының арасынан шыққан Кеңес одағындағы алғашқы спорт шебері, қазақ боксының негізін қалаған біртуар тұлға.

ҚОЛДАУ ЗОР

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер əйелдер кеңесі Азия даму банкімен бірлесе отырып, облыс орталығындағы “Скиф” қонақүйінде “Ауылдық жерлерде əйелдер кəсіпкерлігін дамыту” тақырыбында семинар ұйымдастырды.

ЖОЛ САПАСЫ — ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы ұйымдастырған баспасөз турында журналистер “Петропавл – Қорған” бағытындағы тасжол бойындағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Республикалық және халықаралық сайыстарда еліміздің және Қызылжар өлкесінің намысын абыроймен қорғап жүрген жерлесіміз, жас талант Әділхан Макиннің жуырда Қазақстанның көк байрағын тағы бір мәрте желбіреткеніне куә болдық. Оның “Славян базары – 2019” халықаралық фестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан кіл мықтылардан дарынымен озып, Гран-приді жеңіп алғаны барша қазақстандықтарды қуанышқа бөледі. Осыдан төрт жыл бұрын аталмыш фестивальдан Димаш …

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ Read More »

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: “АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБЫС ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ — БАСТЫ МАҚСАТ”

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл Мемлекет басшысының жаңадан жасақталған Үкіметтің кеңейтілген отырысына алғаш қатысуы. Отырыста кейбір орталық органдардың жұмысына Президент тарапынан сын айтылып, сөгіс те берілді.