«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.07.2019

АСЫҚ ОЙНАҒАН ОЗАР

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында асық атудан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Оған еліміздің әр түкпірінен 50-ге жуық спортшы қатысты.

ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯДЫ

Облыс әкімі  Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен  әкімдіктің кезекті отырысында өңіріміздің өткен жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы,  жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

АЛАМАН ЖЕҢІМПАЗЫ – АЛАҢ ИЕЛЕРІ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево  қаласындағы жаңа стадионда дәстүрлі “Ақ бидай – 2019” жазғы спартакиадасы өтті. Төрт күнге созылған сайыс барысында аудандардан келген 2500-ден астам спортшы волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес, веложарыс, жеңіл атлетика сияқты спорттың 15 түрі бойынша сайысқа түсті.

СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ҚОНДЫРҒЫЛАР АЛЫНАДЫ

Өңіріміздегі денсаулық сақтау ұйымдарының  материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін биыл 3 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көп. 

АРЫСТЫҚ БАЛҒЫНДАР – ҚЫЗЫЛЖАРДА

Өткен жексенбі күні Түркістан облысындағы Арыс қаласынан 48 бала өңірімізге жазғы демалысқа келді. Солтүстікқазақстандықтар балғындарды әуезді әнмен және күмбірлеген күймен пойыздан қарсы алды.

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН КЕШ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қазақстандық ақын Владимир Гундаревтің туғанына 75 жыл толуына орай “Продолжение жизни” атты еске алу кеші өтті. Зиялы қауым өкілдері қаламгердің өмірі мен әдеби мұрасы жайлы сөз қозғап, туындыларынан үзінді оқыды.

ЖАНҒА САЯ – ЖАРҒАЙЫҢ

“Бәрі есімде, бал ғұмыр, бала кездің, Арман қудым. Ат міндім. Дала кездім. Қазыналым, қымбатсың маған мәңгі, Қарашығы секілді қара көздің”, – деп ақын жырлағандай, қайда жүрсе де кіндігі кесілген атамекенді естен шығармайтын, еш нәрсеге теңгермейтін, жұмақтың төріндей санайтын, бал күлкісі сыңғырлаған бұлағын, ерке желмен тербелген құрағын сағынбайтын адам кемде кем шығар! Сондай қасиетті мекендердің бірі …

ЖАНҒА САЯ – ЖАРҒАЙЫҢ Read More »

САЯБАҚТАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖҮЙЕ

Петропавл қаласындағы Мәдениет және демалыс саябағының аумағында орналасқан аттракциондар паркі заманауи жүйені енгізіп, сервистік қызметті жақсартты.

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, ЖҮРЕГІ КЕҢ ЕДІ…

“Өткен күн – көрген түстей” деуші еді бұрынғылар. Дәл айтылған. Адамның атқарған игі істері, қызықты сәттері, араласқан достары жылдар жылжыса да жүректе сақталады екен. Бүгінде сексеннің сеңгіріндемін. Кезінде бірге араласқан, қызметтес болған замандастардың тау тұлғалары көңілімнің түкпірінде. Аллаға шүкір, өмір жолымда тағдыр байланыстырған адамдар, жақсы жандар аз болмады.

АЗАП ПЕН АРПАЛЫС

Қазақ халқының бостандығы мен бақытты болашағы жолында күрескен Алаш зиялыларының көрген азабы мен қиындығын қазіргі жас ұрпақтың көбі біле бермейді. Назарларыңызға қазақтың қайсар ұлдарының бірі Қайым Мұхамедхановтың естелігін ұсынып отырмыз.

ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІКТІ

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

НӘТИЖЕЛІ ӘРІПТЕСТІК

Өткен жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен әріптестік орнатты. Соның аясында зерттеулер мен тәжірибелер жүргізетін заманауи агротехнопарк ашылған еді. Жергілікті университетте өткен аспан асты елінің өкілдерімен ғылыми-тәжірибелік семинар өтіп, агротехнопарктегі алғашқы жұмыстар мен тәжірибе алмасудың нәтижелері қорытындыланды.

ЖИДЕК ЖЕП УЛАНДЫ

Уәлиханов ауданында көпбалалы отбасының төрт баласы уланып, біреуі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 16 шілде күні болған.

БИЫЛ 80 АДАМ СПИД-ке ШАЛДЫҚҚАН

Жыл басынан бері жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын (СПИД) 80-нен астам солтүстікқазақстандық шалдыққан. Олардың арасында балалар да бар. Бұл туралы облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықта өткен брифингте белгілі болды.

ТҮМЕНДЕГІ ҚҰРЫЛТАЙ

Ресейде Түмен облысы қазақтарының кезекті құрылтайы өтті. Өз ата-бабаларының тілі мен әдет ғұрпын ұмытпау мақсатында ұйымдастырылған шара осымен 23-інші рет өткізіліп отыр.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЕҢБЕККЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

“Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мәулетбаева “Soltústіk Qazaqstan” газетінің электронды поштасына және “WHATSAPP” желісіне келіп түскен оқырмандардың сауалдарына жауап берген болатын. Бүгін осы сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

“АҚЫЛДЫ ҚАЛА” ЖОБАСЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымының “Электронды үкіметті” дамыту рейтингінде Қазақстан әлем елдері арасында 39-шы орынға ие болды. Бұл туралы хабарлаған “Finprom.kz” порталының мәліметіне қарағанда, Қазақстанда “ақылды қалалардың” дамуы халықтың сандық сауаттылығына тікелей байланысты болып отыр. Елдегі жеке компьютерді және смартфонды, басқа технологияларды күнделікті тұрмыста пайдаланатын тұрғындардың үлесі 80 пайызға дейін жеткен. Осының арқасында Қазақстан “Электронды үкіметті” дамыту …

“АҚЫЛДЫ ҚАЛА” ЖОБАСЫ Read More »

ТЫҢАЙТҚЫШ – МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ

Жамбыл ауданының Баян ауылындағы “Ақ Жер – 2010” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми-өндірістік алаңында “Танап күні” семинары өтті. Оған өңір диқандарымен қатар еліміздің Қостанай және Ақмола облыстарының агроқұрылым өкілдері қатысты.

БАР АҚПАРАТ – БІР ҚОСЫМШАДА

Орталық коммуникациялар қызметінде дәрі-дәрмек іздеуге арналған “DariKz” мобильді қосымшасы таныстырылды. “Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының” бас директоры Арнұр Нұртаев аталмыш қосымша арқылы смартфоннан Қазақстан аумағында тіркелген дәрілер туралы толыққанды ақпарат алуға болатынын айтады.

ӨҢІР ДАМУЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Елбасының Жарлығына сәйкес ауылдық округ және аудан әкімдері жылына бір мәрте тұрғындар алдында есеп берсе, өңір басшылары екі рет атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындайды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Оқушылар сарайында өңірлік, аудандық мәслихат депутаттарына жыл басынан осы күнге дейін әлеуметтік-экономикалық саладағы тындырылған істерді баяндады. Жиынға Президент Әкімшілігінің инспекторы Олжас Едіресов қатысты.