«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.07.2019

18 ЖЫЛДАН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында тұратын ерлі-зайыпты 18 жыл бұрын жоғалған баласын «FaceApp» нейро желісінің көмегімен тауып алды.

БІР ТОННА АРАҚ ТӘРКІЛЕНДІ

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылар рейдтік шара барысында бір тоннаға жуық контрафактілік ішімдікті тәркіледі. Оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орын алған.  

ҚАЛА КӨРКІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

Облыстық тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау орталығының жетекшісі Рақат Мәмбетәлиновтің айтуынша, бүгінде Петропавлда 40-тан астам архитектуралық ескерткіш жеке меншікке берілген. Осының нәтижесінде көненің көзіндей көптеген ғимараттарымыз осы күнге дейін сақталып отыр.

ГАРАЖ КООПЕРАТИВІ САЛЫНАДЫ

Қалалық әкімдік облыс орталығындағы құбыр зауыты маңында орналасқан Промышленная көшесінің бойынан гараж кооперативін салу үшін 2 гектар жер бөлді, деп хабарлайды Петропавловск.news. Аталмыш учаскені абаттандыру мақсатында Жуков көшесіндегі металдан тұрғызылған төрт гаражға демонтаждау жасалмақ.

АЛЛЕРГИЯ “АЛҚЫМНАН” АЛҒАНДА …

Жаз келсе көп адамдардың аллергиясы қозып кетеді. Көздері жасаурап, мұрыны бітеліп, мазасызданып жүргендердің арасында кәрі де, жас та бар. Кей адамдар түшкірсе болды, өздеріне өздері диагноздарын қойып алып, денсаулығына келер қауіпті ескерместен, дәрінің де, екпенің де түр-түрін қолданып, тәжірибе жасауға кіріседі. Өкініштісі сол, кейде жөн-жосықсыз дәрі ішкен соң ауру асқынып кетеді. Дерт меңдеп, жанына батқанда­ …

АЛЛЕРГИЯ “АЛҚЫМНАН” АЛҒАНДА … Read More »

ТҮМЕН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ

Ресейдің Түмен облысы қазақтарының кезекті құрылтайы өтті. Жылдағы дәстүрге айналған бұл шара биыл Исетское ауданында ұйымдастырылып, жырақта жүрген ағайындар қазақ әндерін әуелете шырқап, биден шашу шашты.

“ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ” ТҰРҒЫНДАРҒА ТИІМДІ

Өңірімізде полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Жолда қабылдау” акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Кезекті шарада ведомство басшысы Марат Төлебаевтың және басқа да жауапты мамандардың қатысуымен 30-дан астам жерде тұрғындарды қабылдау жүргі зілді.

ҚАРЫЗДЫ КЕШІРУ – ҮЛКЕН ҚОЛДАУ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде еліміздің дамуының он бағытын атап көрсеткен болатын. Оның бірінші бағыты Халықтың табысын арттыру деп аталады. “Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін түсінуіміз керек. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек …

ҚАРЫЗДЫ КЕШІРУ – ҮЛКЕН ҚОЛДАУ Read More »