«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.07.2019

СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

Жаз мезгілі – барлық қала тұрғындарының жағажайларға барып демалатын уақыты. Алайда Петропавлдағы демалыс орындарын алдымен  қоқыстан тазарту керек. Осы сенбі күні қалалық жағажай мен Пестрое көлінің маңайын көріктендіру мақсатында сенбілік өтпек.

ҒИБАДАТХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ

2018 жылдың аяғында өңірімізде тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау орталығы ашылды. Осы орталық мамандарының мәліметінше, облыста 107 тарихи ескерткіш бар, соның төртеуі республикалық маңызға ие. Оған қоса «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның сакралды картасы жасалып, тарихи орындар соның құрамына ене бастады. Бүгіyгі таңда аймақта 25 сакралды жер  мен ескерткіштер бар. Солардың бірі  Жамбыл ауданына қарасты Пресноредуть селосының …

ҒИБАДАТХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН ҚАРЖЫ ҚАЖЕТ Read More »

ҚОСЫМША ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Елімізде көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік көмектің аясы кеңеюде. Биылғы оқу жылында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қосымша 5 мың білім гранты бөлінеді. Енді бұл түлектер жоғары білімді тегін алып, арман-мақсаттарына қол жеткізе алады.

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ

Өнегелі әулеттерді жастар арасында насихаттау, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту – қазіргі заманның ең басты міндеттерінің бірі. Өйткені, мемлекеттің ұйытқысы да, алтын арқауы да – отбасы. Әрбір жас шаңырақтың діңі мықты болса, елдің де еңсесі биік тұрмақ. Өңірімізде өзгелерге үлгі-өнеге ретінде көрсететін әулеттер аз емес. Солардың бірі – Тимирязев ауданында тұратын Ескендіровтер отбасы.

БАР МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕ

Балалардың толық және бақытты отбасында өсіп-жетілуі үшін “Мой ребенок” қоғамдық бірлестігі “Отбасылық академия” орталығымен бірлесіп “ÓNEGE” жобасын іске қосып отыр.

ТІГІНШІЛІК – ТАБЫС КӨЗІ

Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Өз кәсі­бін ашып, табысқа кенелуді көздеген әрбір жанға түрлі бағдарламалар ұсынылуда. Осын­дай мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып отырған нәзік жандардың бірі – Динара Өмірзақова.

БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БАҚЫТ

Петропавл қаласының әкiмдiгi үстіміздегі жылдың 19 шілдесінен бастап “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдауды бастады. Аталмыш бағдарлама “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi” АҚ-ы арқылы қаржыландырылып отыр.

АЖЫРАСУҒА АСЫҚПАУ ҚАЖЕТ

Елімізде отбасы мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл орайда жергілікті соттар да отбасы институтын нығайту жөнінен нақты шараларды жүзеге асыруда. Сот өкілдері ана мен бала құқықтарын сақтау, ерлі-зайыптылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында да кешенді жұмыс жүргізіп отыр. Жақында өңірімізде құрылған “отбасылық сот” жобасы шаңырақтарды шайқалтпай, оның өзіне тән барлық қасиеттерін сақтау бағытында оң нәтижесін бере бастады. …

АЖЫРАСУҒА АСЫҚПАУ ҚАЖЕТ Read More »

ЖОРАЛҒЫЛАР ЖӨНІМЕН ЖАСАЛСА …

Өз елінің, халқының ортасында өмір сүре отырып, оның әдет-ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ, сірә! Бұл, әсіресе, жаһандану заманында керек дүние. Өйткені, әлемдегі ұлттар мен ұлыстардың денінің жаһандану үрдісіне ұлттық ерекшеліксіз, салт-санасыз, әдет-ғұрыпсыз еніп бара жатқанын көріп отырмыз.

ҚЫРЫҚТА ДА ҚАТАРЫНЫҢ АЛДЫ

Желмен жарыса жүгіріп, қырық шақырымды басып өту – екінің бірі бағындыра бермейтін белес. Мұндай сында әбден төселген марафоншылар ғана сүрінбейді. Сондай төзімді жандардың бірі Жамбыл ауданындағы Ольговка ауылында тұрады. Жақында елімізге танымал марафоншы, спорт шебері, 42 жастағы желаяқ Әскер Қожановпен сұхбаттасқан едік.

АУЫЛ ІРГЕСІН ҚАЗУ ҚАШАН ТОҚТАЙДЫ?

Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері құрылысқа қажетті құм өндіретін карьерден зиян шегіп отыр. Олар терең қазылған орда малдың мертігіп жатқанын айтып, редакциямызға хабарласқан болатын.

“МАҒЫНАСЫ ТЕРЕҢ ӘНДЕРДІ НАСИХАТТАУҒА ТИІСПІЗ”

Қасиетті Қызылжар топырағынан түрлі салада шоқжұлдыздай жарқырап көрінген дарабоздардың шыққаны әмбеге аян. Соның ішінде халқымыздың аспанын әнмен әуелеткен, көк жүзіндегі аққуға үнін қосқан жезтаңдайлар аз болмаған. Осы сүрлеудің арқауы үзілмей бүгінге жетіп отырғаны қуантады. Жуырда Беларусьтің Витебск қаласында өткен “Славян базары – 2019” халықаралық байқауында бас жүлдені қанжығасына байлап, көк туымызды желбіреткен жас талант, жерлесіміз …

“МАҒЫНАСЫ ТЕРЕҢ ӘНДЕРДІ НАСИХАТТАУҒА ТИІСПІЗ” Read More »

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ТАҒДЫРЛАР

Облыстық ардагерлер кеңе­сі­нің әлеу­меттік-тұрмыстық мә­се­ле­лер жөніндегі тұрақты ко­мис­сиясының мүшелері жұмыс жос­па­рына сәйкес жуырда Та­йынша қала­сындағы “Надежда” қарттар үйінде болды.

ЖАСТАР — ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖАРШЫСЫ

Бүгінде жастар ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекеттің зор табыстарға жете алатыны анық. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге тарту мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жетілдіруі үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Оның бір дәлелі – 2019 жылдың “Жастар жылы” деп жариялануы.

АСТАУ ЖАСАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ШЕБЕРХАНА

Ресейдегі “Мөлдір” қазақ мәдениеті Сібір орталығы” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әскербек Богумбаев Омбы қаласында қазақы үлгідегі астау шығаратын шеберхана ашты. Бұл орталыққа мүше қандастарымыз өзге ұлт арасында қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, қолөнерін кеңінен насихаттаумен айналысады. “Мөлдір” орталығының белсенді мүшесі ретінде осы игі істің бел ортасында жүрген Әскербек те соңғы 3-4 жыл бойы қазақтың астауын жасауды армандаған …

АСТАУ ЖАСАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ШЕБЕРХАНА Read More »

АЙШЫҚТЫ БЕЛЕС

“Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер”, – деп Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаев жырына арқау еткендей, адамзат баласы үшін өсіп-өнген өлкенің орны қашан да бөлек емес пе?! Небір тау тұлғалы азаматтардың “мысыр шаһарына” айналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның …

АЙШЫҚТЫ БЕЛЕС Read More »

ҚЫРДА ЕҢБЕК ҚЫЗУ

Төрт түлігінің жайын ойлаған ауылдағы ағайын шілде туа шөп шабу науқанына қызу кіріскен болатын. Жауапты шақ басталғалы шабындыққа орақ салған Мамлют ауданының шаруалары да уақытпен санаспай еңбек етуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанат Елиясов биылғы жоспарға сәйкес 38 мың тонна шөп шабу қажет екендігін айтады. Ауданда қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қызу жүргізілуде. Шаруалар …

ҚЫРДА ЕҢБЕК ҚЫЗУ Read More »

АУЫЛҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ҚУАНТАДЫ

Аққайың ауданындағы Ленин ауылында “Шәймерденов” шаруа қожалығы 1200 басқа арналған тауарлы-сүт кешенін салып жатыр. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов заманауи фермада болып, ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.