«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.07.2019

ЕСІЛ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Есiл ауданының активіне жаңа аудан әкімі Алтынбек Абдоллаевты таныстырды.

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — КІШІГЕ ІЗЕТ

“СЕВКАЗЭНЕРГО” акционерлік қоғамы ардагерлерге  арнап қамқорлық шараларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Жуырда компания қызметкерлері Петропавл қаласының құрметті азаматы, энергетика саласының дамуына зор үлес қосқан Александр Липовойға материалдық көмек көрсетті. Олар зейнеткердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шатырын жаңартты. 

120-СЫНШЫ БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

«Әр қазақ менің жалғызым» деп ұрандатқан қазақ xалқының бірлігімен «Харекет» қайырымдылық қорының 120-шы баспанасының кілті Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл  қаласының тұрғыны тағдырдың басқа салған сынағына сынбастан, Аналық маxаббатымен 4 перзентке (1 баласы ауру) тірек болып отырған батыр ана Мусабаева Жанар есімді қандасымызға табысталды. 

ГЕРМАНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесіп, екі жақты іскерлік   байланыс орнату  жайлы әңгімелесті.

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРДІҢ СЫЙЫ

Петропавлдық кәсіпкер шаһар тұрғындарына арнап саяжол салып жатыр. Бизнесмен бұл мақсатты жүзеге асыруға өз қалтасынан 10 млн. теңге бөліпті.

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАҚЫЛАУДА

Белгіленбеген жерде суға түскені үшін 36 петропавлдық ескерту алды. Бұл фактілер тәртіп сақшылары мен құтқарушылардың судағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шарасының аясында белгілі болды.

АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

Ертең сағат 9-13 аралығында облыстық онкологиялық диспансерде ісікке дейінгі ауруларды және асқазан обырын ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Петропавловск.news.

ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН ЖӘРДЕМАҚЫ АЛДЫ

Бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті 290 мыңнан аса отбасы алады. Алайда, олардың арасында мемлекеттік жәрдемақыны  заңсыз алып келгендер анықталып жатыр. Мұндай фактілер біздің өңірде де кездесті. 

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ

Апта басында облыс орталығындағы жанар-жағармай құю бекеттерінде көлік жүргізушілері арасында ең көп сұранысқа ие “АИ-92″ маркалы сұйық отынның бір литрі 4-5 теңгеге көтерілді. Бұған дейін шаһардағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі “АИ-92” маркалы сұйық отынның бағасы 150 теңгені құраған болатын. Алайда, “ҚазМұнайГаз”, “Shelf”, “Эталон” және тағы басқа жанар-жағармай құю бекеттерінде ол 154-155 теңгеден өткізілуде. Ал газдың литрі …

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ Read More »

ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗА ТИІМДІ

Биылдан бері  Қазақстанға келетін шетелдіктерге электронды форматта виза беріле бастады. Ол үшін міндетті түрде біздің тараптан шақырту жасалуы тиіс. Өңірде мұндай жаңашылдықты пайдаланғандар тоқсан шетелдік азаматқа шақырту жіберіпті.