ЖАППАЙ СЕНБІЛІК
Пестрое көлінің жағажайында жаппай сенбілік өтті. «Бірге — таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында өткен бұл шараға бір мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Өткен аптада Премьер-министр Асқар Мамин барлық өңірлердің әкімдерін, экологиялық белсенділерді, жастар ұйымдары мен еріктілерді «Бірге — таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырған болатын. Акцияның кеңінен таралып, жалпы республикалық шараға айналатынына және азаматтар …