«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.07.2019

НАШАҚОРЛЫҚ – НӘУБЕТ

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы әскерилер арасында алдын алу  жұмыстарын өткізуге  баса  назар аударады.

ШЕТЕЛДЕ ҰСТАЛДЫ

Өңірімізде жыл басынан  бері  47 қылмыскерге іздеу жарияланды. Жалпы өткен жылдармен қоса есептегенде 81 қылмыскерге  іздеу салынып,  оның 47-і ұсталды. Іздеудегілердің дені  пробациялық бақылауды және мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзғандар болып табылады.

МАС БОЛСА ДА РӨЛГЕ ЖАРМАСАДЫ

Облыс аумағында  өтікізілген “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу  шарасы аясында  мас күйде көлік жүргізгендерді  анықтауға  баса назар аударылды.  Себебі,  көлік басқару құқығынан айырылғандар мен жүргізуші куәлігі жоқтардың рөлге отыруы жиілеген.

Берік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланыс

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне 4 айдан асты. Жалпы, өзіңіз де білесіз, ақпараттық кеңістікте қалыптасқан дәстүр бо­йынша, үш айдың ішінде атқарылған шаралардың қорытындысы жасалатын еді. Алайда, жаңа Президенттің 100 күндік жұмысы жөнінде көп ресми ақпарат жарияланбады. Мұның қандай да бір себебі болды ма? Әлде Президенттің өзі айтпақшы, сөзден гөрі нақты іске …

Берік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланыс Read More »

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Көкшетау қаласында өткен 1-інші халықаралық жас құтқарушылар слетінде бас жүлдеге ие болды. Сайысқа Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан және Қазақстанның әр облысынан келген 14 команда қатысты. Солтүстік Қазақстанның намысын  абыроймен қорғап келген құтқарушыларды облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. 

ЕСКЕРТУ!

“Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 30 шілде күні өңір аумағында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл күндері кейбір жерлерде күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

ҚАЙЫРЫМДЫ САЯХАТШЫ

Омбылық жиһанкез Андрей Неридный Петропавлға келді. Саяхатын Ресейдің Санкт-Петербург шаһарынан бастаған ол осыған дейін велосипедпен көрші елдің Вологда, Иваново, Ярославль, Нижний Новгород, Уфа сияқты бірнеше қаласын аралап, 3,5 мың шақырым жол жүріп өтті. Оның басқа жиһанкез­дер­ден айырмашылығы – қайырымдылық мақсатпен саяхат­тап жүр. Биылғы сәуір айында Омбы қаласында көмекке мұқтаж адамдарға ем көрсететін “Дом радужного детства” …

ҚАЙЫРЫМДЫ САЯХАТШЫ Read More »

ДОСТЫҚҚА АДАЛ, СЕРТКЕ БЕРІК ЕДІ

Өткен шақпен сөйлеу қандай қиын десеңші! Әсіресе, құлынтайдай тебісіп, бірге күліп-ойнап жүрген замандастар жайлы айту жүрек сыздатады. Назекеңді, Назымбек Кенжебайұлын білетін адамдар үшін оның орны бөлек болатын. Биязы мінезі, байсалды болмысы, білімділігі, қарапайымдылығы, есте сақтау қабілеті, жадының мықтылығы бәрімізге үлгі еді. Оның еш уақытта дауыс көтергенін, біреуге қатты сөз айтқанын естімеппіз. Жанарынан жылылық, жүзінен шуақ …

ДОСТЫҚҚА АДАЛ, СЕРТКЕ БЕРІК ЕДІ Read More »

АДАМ ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Саналы ғұмырын шәкірт жүрегіне білім нәрін құюға арнап, адал еңбекпен абырой-беделге бөлену екінің біріне бұйыра бермейді. Петропавлдағы әл-Фараби мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Күлбағила Жапарова – осындай жандардың бірі. Ұлағатты ұстаз қырық жылдай педагогика саласында табан аудармай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеу ісіне қомақты үлес қосты. Оның тәлім-тәрбиесін көрген ұл-қыздардың әрқайсысы өмірде өз орнын …

АДАМ ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ Read More »

АГРАРЛЫҚ САЛА ЖАС МАМАНҒА ЗӘРУ

Ауыл шаруашылығы – экономиканың қозғаушы күші, бәсекеге қабілеттілікті талап ететін сала. Жыл санап мұнда жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа техникалар мен технологиялар кеңінен пайдаланылып, білікті мамандарға сұраныс артуда. Еліміздің астықты аймағы – Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласының білікті кадрларын даярлауға ерекше мән берілуде. Былтыр өңіріміздегі агроқұрылымдарға жас мамандар даярлау мақсатында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де …

АГРАРЛЫҚ САЛА ЖАС МАМАНҒА ЗӘРУ Read More »

ОРМАН ОТҚА ОРАНУДА

Қауіпсіздік ережелерін елемеудің салдарынан жыл басынан бері өңірімізде 378 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Атығаев мәлімдеді. – Пеш пен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы салдарынан 24 адам қаза тапса, 13 азамат әртүрлі дене жарақатын …

ОРМАН ОТҚА ОРАНУДА Read More »

ҚАРАТАЛДЫҚТАРДЫ ҚИНАЙТЫНЫ – ЖОЛ

Әркімнің өз туған жері ыстық. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым. Сол сияқты мен де кіндік қаным тамып, туып-өскен ауылым – Айыртау ауданындағы Қа­ратал елді мекенін перзенттік пейілмен ерекше жақсы көремін. Балалық шағым осы ауылда өтті. Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдағаннан кейін Қараталдағы өзім оқыған мектепте шәкірттерге қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, неміс тілі пәндерінен …

ҚАРАТАЛДЫҚТАРДЫ ҚИНАЙТЫНЫ – ЖОЛ Read More »

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ

Апта басында облыс орталығындағы жанаржағармай құю бекеттерінде көлік жүргізушілері арасында ең көп сұранысқа ие “АИ-92” маркалы сұйық отынның бір литрі 4-5 теңгеге көтерілді. Бұған дейін шаһардағы бекеттердегі “АИ92” маркалы сұйық отын 150 теңгеден саудаланған. Қазір “Қаз-МұнайГаз”, “Shelf”, “Эталон” және тағы басқа жанар-жағармай құю бекеттерінде ол 154-155 теңгеден сатылуда. Ал газдың литрі – 73 теңге, дизельдік …

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ Read More »

ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙТІН ТАУАРЛАР

Жуырда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті тамақ түрлерінің және азық-түлік тобына жатпайтын тауарлардың 393 сынамасын зерттеп, олардың 68-інің талаптарға сай еместігін анықтады. Ет және құс өнімдерін таңбалауда тауардың сыртқы бетінде көрсетілген ақпараттың сәйкессіздігі белгілі болды. Мәселен, “Сергеевка сүт өнімдері” ЖШС тауар әзірлеуде қарапайым техникалық регламент талаптарын сақтамаған. Облыс орталығындағы “Янтарь” …

ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙТІН ТАУАРЛАР Read More »

БАБАЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Тәуелсіздігіміздің арайлы таңы атып, бар-жоғымызды  зерделейтін мүмкіндік туған сәттен бастап төл тарихымызға терең үңіліп, ата-бабаларымыз жайында шежіре жинай бастағанымыз шындық. Еліміздің көптеген ғалымдары көрші Қытай, Ресей мұрағаттарынан  баға жетпес құнды деректер іздестіріп, қасық қаны қалғанша “елім, жерім” деп өткен бабаларымыздың отансүйгіш, батыл, қайсар рухты болғанын дәлелдеді.  Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Болашаққа бағдар: рухани …

БАБАЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ Read More »