СӘБИДІ ҚҰТҚАРҒАН АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ
Екі жасар нәрестені өлімнен арашалап қалған Дмитрий Зайцевты тәртіп сақшыларымарапаттады.
Екі жасар нәрестені өлімнен арашалап қалған Дмитрий Зайцевты тәртіп сақшыларымарапаттады.
Петропавлда құрбысының құжаттары арқылы оның атынан несие алған бойжеткен ұсталды.
Құтқарушылар Пестрое көлінің жағасында тыныққан үш адамды ажал аузынан аман алып қалды.
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Белоруссияның Минск қаласында өткен Олег Караваев турнирінде төрт медаль жеңіп алды.
27 шілде күні футболдан Бірінші лига командалары арасында екінші айналым ойындары басталды. “Qyzyljаr” командасы сырт алаңда алматылық “Қайрат-Жастар” клубымен кездесті.
Петропавл қаласындағы №6637 әскери бөлімінде 202 жас сарбаз ант қабылдады. Салта-натты шараға мекеменің басшылығы, сала ар-дагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен ту-ған-туысқандары қатысты. Ант қабылдау рәсімінде сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Тәттібаев әскери борышты орындау әрбір ер-азаматтың асыл міндеті екендігіне тоқ-талып, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі. – Әскер өмір мектебі, келешекке жетелейтін баспалдақ тәрізді. Осы …
Бүгінгі таңда қолма-қол ақшамен емес, яғни төлем картасы арқылы сауда жасау әдісі кеңінен таралуда. Өркениетті елдерде бұрыннан POS-терминал қолданылады. Көршілес Ресей қалаларының барлық қызмет көрсету салаларында осындай жаңашылдықтар енгізілген. Ал АҚШ-та мұндай құрал, тіпті, таксиде де орнатылған. Сауда нысандарында тұтынушылар кассирлердің көмегінсіз тауарын сатып ала береді.
Өңіріміздегі Меңгесер көлінің минералды суына шомылып, көптеген дертке шипа балшығы үшін арнайы баратындар саны жылдан-жылға артып келеді. Облыс орталығынан 80 шақырымдай қашықтықта орналасқан тұзды көлге оның қасиетін білетіндер шілде айының ортасынан бастап ат басын бұрады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлге шілденің ыстығы 30 градустан асқан кезде келу керек. Осы кезде экологиялық таза тұзды суда ғана болатын …
Қазақтың қала дегеннен Хабары сенсің, Қызылжар! Ескі бір ән мен өлеңнен, Табары сенсің, Қызылжар!”, – деп ақын Ғафу Қайырбеков жырға қосқандай, жанға сая, табиғаты шұрайлы, түртіп қалсаң тасы “шешіле сыр шертетін” қасиетті Қызылжар өлкесінің тарихы тереңде жатыр. 29 шілдеде өңіріміздің Солтүстік Қазақстан облысы болып құрылғанына 83 жыл толды. Небір дара дүлдүлдерін, дауылпаз шешендерді, арда ақындарды …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне ресми кіріскен ұлықтау рәсімінде қазақстандықтарды табысқа жетелейтін негізгі он бағытты айқындаған болатын. Соның үшінші бағытында сот және құқық қорғау жүйесін реформалау жайына тоқталды. Бұл мәселе кейінгі жылдары көп талқылануда. “Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялардың жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – үлкен міндет. Судьялар мен осы …
Облыстық әкімдікте өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен тұрғындардың табысын арттыру жөніндегі ведомствоаралық топтың кезекті отырысы өтті. Бұл алқалы жиында құрылыс, көлік және автомобиль жолдары қызметкерлерінің еңбекақыларын көтеру мәселесі қаралды. Отырыста есеп берген тиісті облыстық басқармалар басшыларының келтірген деректеріне қарағанда, осы салалар қызметкерлерінің айлық жалақылары республикалық деңгейдегі көрсеткіштерден анағұрлым төмен. Өңір аумағында жұмыс істеп жатқан кәсіпорын …