«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.08.2019

ТАҒЫ ЕКІ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Кеше кешкісін Петропавл қаласының жағажайында облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының құтқарушысы С. Ордабаев батып бара жатқан баланы байқап, бірнеше минуттан кейін оны судан алып шықты. Су жұтып үлгерген 11 жастағы зардап шеккен балаға кезекші медбике М. Обознова дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті.

ПОЛИЦИЯ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

“Жұмыспен қамту” республикалық акциясы аясында облыстық полиция департаментінің жылдам әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері “Жас Арлан” әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерімен кездесті. Полицейлер балаларға өз кәсіптері туралы әңгімелеп, оларға қару, арнайы құралдар мен қылмыскерлерді ұстау тәсілдерін көрсетті.

ЕРЕЖЕ БӘРІНЕ БІРДЕЙ

Соңғы жылдары елімізде электрлі самокатқа қызығушылық танытушылардың саны артуда. Бірақ бұл көлікке отырғандардың бәрі бірдей жолда жүру ережелерін біле бермейді. Салдарынан апаттар орын алуда. Сондықтан тәртіп сақшылары самокат мінгендер арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырды.

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫ

Үстіміздегі жылдың маусым айында Петропавл қаласының тұрғыны интернет арқылы ша­ғын несие беру ұйымынан 22 мың теңге көлемінде несие ре­сім­деген. Ол үшін алаяқ құрбы­сының пәтерде қараусыз жатқан жеке куәлігін және банк картасын пайдаланған. Кейін құрбысына туыстары оның картасына қар­жы аударатынын айтқан. Жәбір­ленуші картасына түскен 22 мың теңгені алып берген. Алаяқтың қулық іс-әрекеті жә­бір­ленушіге несие төлеу қажеттігі …

АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫ Read More »

ШЕБЕРЛІК ШЫҢҒА ЖЕТКІЗЕР

Ұлттық Дельфий комите­ті жас таланттарды қолдау мақсатында өңірімізде шебер­лік сыныптарын ұйымдас­тыр­ды. “Бәйтерек-Fest” ұлт­тық фестивалі аясында өт­кен игі шара “Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталы­ғы” АҚ-ның мемлекеттік гран­ты шеңберінде жүзеге асы­рылды.

АСЫҚ АТУ — ОЙЫННЫҢ ТӨРЕСІ

Ғасырлар бойы ұлан-ғайыр жерге иелік еткен ата-бабаларымыз ұлттығымызды айғақтайтын дүниелерді бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап келді. Сол асыл мұралардың бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Алайда, аумалы-төкпелі замандардың бірінде ұмыт болып, тек соңғы жылдары ғана қайта жаңғыра бастаған асық атудың жөні қашанда бөлек.

“АСТАНАНЫҢ” ТАБЫСЫ

28 шілде күні аяқталған 106-шы “Тур де Франс” велокөпкүндігіне қатысушыларға берілетін жүлде қоры белгілі болды.

“АҢЫЗ” ФУТБОЛШЫ

Португалия құрамасы мен туриндік “Ювентус” клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әйгілі испаниялық басылымның сыйлығымен марапатталды.

“UFC”-ДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

Жартылай орта салмақта “M-1 Global” тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмонов ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – “UFC”-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті.

ОЛИМПИАДАҒА БІР ЖЫЛ ҚАЛДЫ

Төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына да бір жыл қалды. Спортшылар мен жанкүйерлер асыға күтетін Олимпиада келер жылы Жапония астанасы – Токиода жалауын желбіретпек.

КҮЗДЕ КЕЗДЕСУІ МҮМКІН

“DAZN” стримингтік сервисі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен болатын үшінші жекпе-жекке байланысты Сауль “Канело” Альвареске ультиматум қойды. Олардың кездесуі желтоқсан айында өтуі мүмкін. “DAZN” өкілі Крис Мэнникстің айтуынша, Сауль Альварестің командасының “IBF” титулына міндетті үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуіне стримингтік сервис тек бір шартпен ғана рұқсат бермек. Яғни, ол үшін орта салмақта “WBC”, “WBA Super” …

КҮЗДЕ КЕЗДЕСУІ МҮМКІН Read More »

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?

Қазақ қоғамында орын алып жатқан түрлі жағдайлар алты перзент тәрбиелеп өсірген ана ретінде менің де қабырғама тастай ба­та­ды. Күйінесің. Жаның ауырады. Ақыр со­ңында өз ұлтының болашағына балта ша­уып жүрген жастардың ерсі әрекеттеріне куә болып, олардың ата-аналары қайда қарап отыр деп іштей қынжыласың.

«ҒАЙНИ – ҒАШЫҚТАР ЖЫРЫ»

Серілердің “серісі” атанған әнші, ақын, сазгер Мұхамед-Қанапия (Сегіз сері) Шақшақов – ұлттық музыка өнерінің ән жанрына ерекше леп әкелген тұлға. Оның әндері арада қаншама жыл өтсе де өз бояуын жоғалтпай, талғампаз тыңдарманның сүйіп тыңдайтын туындысына айналып отыр. Сазгер шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Әсіресе, ғашықтықтан туындаған “Ғайни” әнінің орны бөлек.

ШЫҒЫС ЖАУҺАРЛАРЫН АУДАРҒАН

Бiз бүгiн оқырман қауымға осы күнге дейiн есiмi ескерусiз келе жатқан, Шығыс шайырларын оқып, олардың туындыларын көркем тiлмен қазақшаға аударып, насихаттаған ақын Сердалы Мырзалыұлы Шөбековті таныстыра кетудi парыз санадық. Сердалы Мырзалыұлы (ХIХ ғ.) Айыртау ауданында дүниеге келген. Жерленген жері белгiсiз. Бiрақ қазақ дәстүрi бойынша мәйiтi туған жерiне немесе аталары жатқан жерге қойылған шығар деп топшылаймыз. …

ШЫҒЫС ЖАУҺАРЛАРЫН АУДАРҒАН Read More »

КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Қазіргі таңда обыр дерті бойынша облыстық онкологиялық диспансерде 10 мыңға жуық адам тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, обыр дертін дер кезінде анықтау емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға, емделушілердің өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ал науқастардың басым көпшілігінің обырдың соңғы сатысында ғана дәрігерлерге жүгінуі өлім-жітімнің басты көрсеткіші болып саналады. 

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ

Соңғы уақытта өңіріміз бойынша мемлекет меншігіне жалпы аумағы 67 мың гектарды құрайтын 58 жер телімі қайтарылыпты. Ал екі жылдай пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 31 мың гектар жер басқа диқандарға беріліп, бүгінде егіні жайқалған алқапқа айналды.

БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ АЗАЯДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті “Adal business” диалог алаңын өткізіп, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы әңгіме өрбітті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ернар Баянғазин, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты.

“ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ” ЖЕЛІСІНІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Соңғы жылдары Петропавлдағы көше жолдарының сапасына жиі сын айтылуда. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасына сәйкес өткен жылы “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі құрылған еді. Сонымен қатар “Халықтық бақылау” желісінің де түрлі келеңсіздіктерді жоюға ықпалы зор. Жобалық кеңсенің жетекшісі Екатерина Старостинаның айтуынша, қазірдің өзінде “Халықтық бақылау” желісіне солтүстікқазақстандықтардан жеті мыңға жуық фото мен сын-ескертпелер түскен.