ДАЙЫНДЫҚ БАЯУ
Петропавл қаласында тұрғын үй қорын қысқа әзірлеу жұмыстары баяу жүргізілуде. Жаздың аяқталуына бір ай ғана қалғанына қарамастан баспанасын жылыту маусымына дайындауға асығушылардың қатары аз.
Петропавл қаласында тұрғын үй қорын қысқа әзірлеу жұмыстары баяу жүргізілуде. Жаздың аяқталуына бір ай ғана қалғанына қарамастан баспанасын жылыту маусымына дайындауға асығушылардың қатары аз.
Өңірімізге жұмыс сапарымен Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода келді. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбекпен өткен кездесу барысында екіжақты іскерлік қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық байланысты дамыту жайы айтылды.
Ағайынды фермерлер ауылда кәсіпкерлікті дамытуға арналған “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның филиалынан алдымен 1,3 млн. теңге несие алған. Бұл қаржыға Тайынша ауданындағы “Алабота” асылтұқымды мал зауыты” ЖШС-ден 7 бас қазақтың ақбас сиыры мен бір бұқасын сатып алып, алғашқы қадамдарын етті бағыттағы асылтұқымды мал өсіруден бастаған екен.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар. Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет. …
Өңірімізде қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарының өткен жарты жылдағы атқарған жұмысы қорытындыланған республикалық көшпелі жедел кеңес өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаған болатын. Сондай-ақ, Президент Үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін барлық рұқсат етілген қызмет түрлеріне тексеріс жүргізіп, оларды қысқарту жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырған еді.