«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.08.2019

ТАИЛАНДТА ЗАРДАП ШЕККЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖОҚ

Таиланд билігінің ресми хабарлауынша, бүгін Бангкоктың бірнеше ауданында 7 кішігірім жарылыс болды. «Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бірнеше қоғамдық орында, атап айтқанда үкімет ғимараттары кешенінің жанында, қонақ үйлердің бірінің кіреберісінде, метро станциясының жанында, сондай-ақ Бангкок көшелерінің жаяу жүргіншілер аймағында кішігірім жарылыс тіркелді. Зардап шеккендер мен ауыр жарақат алғандар жоқ. Таңертең көшелерді тазалап жатқан жергілікті коммуналдық қызметтің …

ТАИЛАНДТА ЗАРДАП ШЕККЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖОҚ Read More »

БАТЫРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, қолына қару алып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Сүйіндік батыр жайлы тарихта аз айтылмайды. Сүйіндік батыр XVII ғасырдың соңында жоңғар, шүршіт, қалмақ шапқыншыларына қарсы соғысқан. 

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Елімізде мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсы аяқталды. Оның нәтижесі бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне 1032 грант бөлінді. Бұл жайлы университеттің қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Алмас Кенжеғалин мәлімдеді.

ТЕРМОС-ВАГОН – ЗАУЫТЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

Петропавл ауыр машина жасау зауыты тез бүлінетін өнімдердің тасымалымен айналысатын термос-вагондар өндірісін қолға алды. Жергілікті кәсіпорында әзірленген өнім Ресей Федарациясына экспортталмақ.

ТЕРМИНАЛДАР АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮРГІЗУ ТИІМДІ

«Төлем және төлем жүйелері» туралы Заңның 39-бабына сәйкес, сауда-саттықпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер сауда орындарында төлем қабылдау терминалдарын орнатуы тиіс. Осы талаптың орындалу барысын бақылау мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы мен банк қызметкерлері дүкендерге бас сұғып, жұртшылыққа тиісті заңнамаларды түсіндірді.

ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР ӘКЕЛІНДІ

Петропавлдағы 1-ші қалалық ауруханаға жаңа рентген жабдығы әкелінді. «АР ДИАГНОСТ-8» аппаратының ескі құрылғыдан айырмашылығы – санаулы минуттың ішінде рентген кескінін жасап, диагнозды тез анықтай алуында. Ол цифрлық жүйеде жұмыс жасайды. Жаңа құрылғы қеуде қуысы мүшелерінің аурулары, сүйек-буын жүйесі, асқазан-ішек жолын зерттеумен қатар, бас сүйек ауруларын тексереді.

САМБОДАН БАҚ СЫНАДЫ

«Динамо»  дене шынықтыру-спорт қоғамының жыл сайынғы спартакиадасында погон таққан спортшылар самбодан белдесті. Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде үздіктер анықталды.

ЖОҒАЛҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – ЖАСӨСПІРІМДЕР

Тәртіп сақшылары жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 17 адамды іздеп табу үшін іс қозғады. Олардың жүрген жері анықталып, үйлеріне қайтарылды. Ал үйлерінен шығып, қайтып оралмаған 114 петропавлдық бірнеше тәуліктің ішінде табылса, оның 77-сі – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер.

СКУТЕР ЖҮРГІЗУШІСІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Облыс орталығында Осипенко және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, 43 жастағы скутер жүргізушісі көз жұмды.

ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Петропавлдық тәртіп сақшылары мен құтқарушылар шомылуға және демалуға рұқсат етілмеген орындарда рейд жүргізуді жалғастыруда. Олар демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда. Ал құқық бұзушыларға  ескерту жасалуда.

ЖАҢА ЖҮЙЕ ТИІМДІ

Өңірімізде денсаулық сақтау саласы сандық жүйеге көшірілуде. Электронды кезек, дәрігердің қабылдауына жазылу онлайн режімде жүргізіледі. Енді науқастар үшін аурухана мен емханаға бару қолайлы болмақ. Сондай-ақ, медициналық мекемелерге тіркелу тәртібі де өзгермек.

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарын жөндеуге 37 миллард теңге бағытталды. Бұл 2017 жылғымен салыстырғанда екі есе көп. Мұндай қаражат бұл салаға бұрын-соңды бөлінбеген. Өйткені өңірде жергілікті жолдардың жартысына жуығы сын көтермейді. Ал, жергілікті билік осы мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.