Петропавлда автобус маршруттары электронды төлемге ауыспақ.
Бүгінгі күні пилоттық режімде екі автобус маршруты бойынша QR-код көмегімен электрондық төлем жобасын іске асыру үшін банктер мен көлік ұйымдары арасында шарттар жасалған. Айта кетейік, қазір облыс орталығында 11 автобус және 12 шағын автобус маршруттары жұмыс істейді. Оған 330 қоғамдық көлік жұмылдырылған. Өткен жылы 21 жаңа қоғамдық көлік сатып алынған,ал биыл тағы 5-еуін алу жоспарда бар . Алдағы күндері сынап көру мақсатында 2 қоғамдық көлікке электронды жүйе орнатылмақ.
petropavltv.k