«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, қолына қару алып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Сүйіндік батыр жайлы тарихта аз айтылмайды. Сүйіндік батыр XVII ғасырдың соңында жоңғар, шүршіт, қалмақ шапқыншыларына қарсы соғысқан. 


15-16 жасынан бастап жорықтарға қатысқан оның есiмi өз заманында Қабанбай, Бөгенбай, ер Жәнiбек, Наурызбай сияқты батырлармен қатар аталып, атақты Абылай ханның өзі жоғары бағалаған батырлардың бірі болған. Жерлесіміз ханның майдан даласындағы сенімді сарбазы, артынан қол ерте білген қолбасшысы деңгейіне дейін көтеріледі. Есімі аңызға айналған ерлерді ел ешқашан ұмытқан емес. Кеше Жамбыл ауданындағы Орталық ауылында Ашамайлы Керей Сүйіндік батырдың басына тас қойылды. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Мұратбек Әбішев бұл шараның өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы маңыздылығын тілге тиек етті. Ал батырдың ұрпағы Жанбатыр Сартаев ұлы атасының өмiр жолы, ерлiк iстерi туралы егжей-тегжейлi баяндады. Оның айтуынша, солтүстікқазақстандық ғалымдар жүргізген ғылыми-археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында 2017 жылы Орталық ауылының жанындағы қорымның басынан Сүйіндік батырдың сүйектері табылған. Ауылдың көнекөз қариялары шайқастардың бірінде ауыр жараланған батыр өзін туған жерінде жерлеуді аманат еткенін айтады. Бұл шара туралы материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp